Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың мәлімдеуінше, Нұрсұлтан Назарбаев алдын-ала мәліметтер бойынша 97,7% дауысқа ие болып, сайлауда жеңіске жетті. Екінші орында - Коммунистік халықтық партия ОК хатшысы Тұрғын Сыздықов, үшінші орында - Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов.
"Бізге келіп түскен ақпаратқа сәйкес, республика бойынша сайлаушылар таңдауы төмендегідей: азаматтардың 0,7%-ы Құсайыновқа, 97,7%-ы Назарбаевқа, 1,6%-ы Сыздықовқа дауыс берді", - деді дүйсенбі күні өткен брифингте Тұрғанқұлов.
"14 облыс пен Астана және Алматы қалаларынан келіп түскен хаттамалар бойынша әлі де нақтылаймыз. "Сайлау туралы" заң бойынша 7 күні ішінде, яғни 2015 жылдың 3 мамырынан қалдырмай қорытынды нәтижені шығаруымыз керек", - деп атап өтті төраға.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024