Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz - 2020 жылға қарай еліміздегі республикалық маңызы бар 6 мың шақырым жолдан ақы алу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы инвестиция және даму вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді.
Оның мәліметінше, аталған жүйе жыл сайын 30 млрд теңге жинауға мүмкіндік береді. 2017 жылы Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай аумақтарында республикалық бюджет есебінен, ал Алматы-Қорғас аумағында Дүнижүзілік Банк есебінен төлем алу жүйесі енгізіледі. Тестік режимде осы жылдың қарашасынан бастап жұмысын бастайды.
"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының аясында 2017 жылдың соңына қарай 4,4 мың шақырым жол жүргізіледі, 100 мың жұмысшы жұмылдырылады. Жыл соңына дейін 600 шақырым жол пайдалануға берілуі керек.
Бейнеу-Ақтау (2017 жыл - 230 шақырым), Алматы-Талдықорған (2017 жылы - 24 шақырым) автожолдары және Астана-Павлодар (232 шақырым), Орал-Каменка (50 шақырым), Ақтөбе-Атырау (26 шақырым) және Қордай өткеліндегі (40 шақырым) жолдардың жекелеген бөліктерінің құрылысы аяқталады.
Вице-министрдің сөзінше, автожолдардың 34 пайызы қанағаттанатындай деңгейде емес. Жыл сайын 2 мыңға жуық жол жөнделеді, ол респбуликалық желімен салыстырғанда 3 есе аз. Роман Скялр әкімдерге облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жағдайын жақсартуды тапсырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024