Алматы. 24 шілде. 7kun.kz – «ҚазАвтоӨндіріс» одағының мәліметінше, 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында отандық автоөндірушілер 3,9 млрд теңге салық төлеген.
Республикалық бюджетке түскен түсімнің 1,9 млрд теңгесін «Азия Авто» аударған. «КАМАЗ Инжиниринг» АҚ қазына қаржысын 702 млн теңгеге жуық ақшамен еселеген. «СарыарқаАвтоӨндіріс» зауыты бюджетке 614 млн 900 мың теңге жолдаса, Daewoo Bus Kazakhstan 189,5 млн, «СемАЗ» 263 млн теңге түсірген. «Оралагрореммаш» АҚ 184 млн, Hyundai Com Trans Kazakhstan 70 млн теңге салық төлеген.
«Қазақстанда құрастырылатын Hyundai мен Lada-ға деген жоғары сұраныс, сонымен қатар жеңілдетілген автонесиелендіру мен ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы аясында жаңа автокөлік сатып алуға жеңілдік беретін сертификаттардың таратылуы салаға серпін берді. Соңғы 1 жылда көлік иелеріне 15 мың сертификат табыс етілді. Нәтижесінде 7,5 мың отандық автокөлік сертификат арқылы сатылды», – деді Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024