Қазақстандық аяқ киім өндірісі 2011 жыл мен 2014 жыл аралығында екі есе төмендеп кетті. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап LS хабарлайды.
Комитеттің мәліметі бойынша, 2011 жыл мен 2014 жыл аралығында отандық аяқ киім өндірісі 1,389 млн-нан 713 мың дейін яғни екі есе азайып кеткен. "Арго" аяқ киім фабрикасы директорының орынбасары Максим Астаниннің атап өтуінше, қазақстандық аяқ киім өндірушілер еліміз Кедендік одаққа кіргеннен кейін өз позицияларын жоғалта бастаған. М.Астаниннің түсіндіруінше, рубльдің әлсізденуіне дейін отандық өндірушілер ішкі нарықта бәсекеге қабілетті болды. Енді кәсіпорындар өз өнімдерінің бағасы 20 пайызға дейін азайтуға мәжбүр.
Жекелей алғанда, резеңке етік бағасы 1200 теңгеден 800 теңгеге дейін арзандады. Фабрика өнімдеріне деген сұраныс бір жыл ішінде екі рет төмендеген. "Біз нарықты қалай болса да ұстап тұру үшін бағаны төмендеттік, акция өткіздік. Бірақ сұраныс көлемі құлдырап кетті. Ресейлік өндірушілермен бәсекеге түсу қиын. Оларда кеңес дәуірінен бергі үлкен зауыттар қалған", - деп атап өтті ол. Дегенмен "Арго" фабрикасы 40 қызметкерлер тұратын штатты қысқартуды жоспарламайды.
Өз кезегінде Қарағанды аяқ киім фабрикасының директоры Серік Таласпековтың сөзінше, қазақстандық аяқ киім өндірісіндегі мәселе рубльдің құнсыздануы немесе сұраныстың азаюында емес. "Мәселе отандық аяқ киім өндірушілер индустриясындағы жұмысбастылықтың аз болуында. Кәсіпорындар тек 10-15% жұмыс істейді, тапсырыс аз", - деп атап өтті С.Таласпеков.
Оның сөзінше, мемлекеттік сатып алу жүйесінде кемшіліктер бар. "Ол қазақстандық кәсіпкерлерге артықшылық бермейді. Мемлекеттік сатып алуды шетелден арзан аяқ киім әкелетін тасымалдаушылар жеңіп алады. Қытайдан, Ресейден, барлық жақтан келетін аяқ киімдер тиынға алынады. Ал ол арзан болған сайын сапасыз бола түседі. Отандық өндіруші артықшылыққа ие болатындай заң қабылдау қажет",- деп түсіндірді спикер.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024