Отандық бизнесмендер Қырғызстан мен Грузияның мемлекеттік жобаларына қатыса алады
Алматы. 30 қазан. 7kun.kz — Нұр-Сұлтанда Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия және Қазақстан МЖӘ орталықтарының басшылары арасында "Өзара іс-қимыл туралы" Меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Елордада мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің (МЖӘ) алғашқы инвестициялық форумы басталды. Іс-шараны ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ қазақстандық жобаларға МЖӘ мен инвестициялаудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырды.
Форумның ашылуына ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қатысты. Ол МЖӘ-ні экономикалық өсу үшін дамытудың маңыздылығын атап өтті.
"МЖӘ-инвестиция, ал инвестициялар — ЖІӨ өсімі. Осылайша, МЖӘ — бұл экономикалық өсудің тиімді, инновациялық және прогрессивті құралы", — деді Дәленов.
Форум аясында Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия және Қазақстан МЖӘ орталықтарының басшылары арасында "Өзара іс-қимыл туралы" Меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Жаңа құжат қазақстандық бизнесмендерге осы елдердің әлеуметтік және мемлекеттік жобаларына қатысуға мүмкіндік береді. Көрші республикалардың кәсіпкерлері алдында да осындай мүмкіндіктер ашылады. Мемлекеттік органдар өз кезегінде заңнаманы жетілдіру және МЖӘ құралдарының тізбесін кеңейту бойынша тәжірибе алмасып, өзара іс-қимылды жалғастыра алады.