Алматы. 13 маусым. 7kun.kz - Қазақстандық шоу-бизнестегі жұлдыздарға "қылмыстық іс" қауіпі төнуі мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстарының басқарма басшысы Еділ Әзімшайық Kapital.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.
Мәселе алматылық салық органдарының Бүркіт, Луина, Мақпал Исабекова, Дильназ Ахмадиева сынды т.б. әртістерді салық төлеуден жалтарды деп айыптауына байланысты болып отыр.
Айта кетейік, Алматы қалалық Мемлекеттік кіріс департаменті "кейбір шоу-бизнес өкілдері кірісінің көп болуына қарамастан салық төлемейді" деген мәлімдеме жасаған. Алайда жұлдыздардың көпшілігі "кіріс органы көрсеткен табыс көлемі негізсіз" деді.
«Табысқа қатысты сомалар жанама әдіс бойынша анықталды. Яғни ешкімнің жанында жүрмедік, ешкімнің кірісін санамадық. Алайда біз бұл мәліметтерді жарияламас бұрын толыққанды сараптама жасадық. Мұндай жағдайда салық тұлғаның өзі арқылы немесе заңды тұлға арқылы төленуі тиіс. Мысалы Генадий Головкин фирманың негізін қалаушы әрі сол фирма арқылы салық төлеп отыр. Ал біздің әртістер салықты дұрыс төледік дейді. Дұрыс төлеген болса тізімге ілінбес еді", - деді Еділ Әзімшайық.
Сондай-ақ, кіріс департаментінің өкілі отандық жұлдыздарды жауапкершілікке тарту туралы жұмыстарды жалғастыруға ниетті екендерін мәлімдеді. Егер жұлдыздар арасындағы дау жалғаса берсе, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Қазіргі уақытта салық төлемегендер тізіміне ілінген шоу-бизнес өкілдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024