Жыл сайын Отбасы банкі өз тұрғын үй депозиттерінде қаражат жинайтындарға Мемлекеттік сыйақы таратады. Іс жүзінде бұл мемлекеттік сыйақыны мемлекеттік бюджет арқылы Ұлттық қордан төлейтінін бәрі біле бермейді, деп жазады Finance.kz.
Осы жылы Ұлттық экономика министрлігі Отбасы Банкіне салымдар бойынша Мемлекеттік сыйақыларды есептеуден бас тартуды ұсынды. Себебі бұл бюджет үшін тым ауыр деп есептейді министрлік.
Өткен жылы мемлекеттік сыйақыны 1 716 431 салымшы алды. Ал 2021 жылдың қорытындысы бойынша депозиттерге 61,7 млрд теңге мемлекеттік бюджеттен аударылды.
Өткен жылы дивидендтердің бір теңгесін төлемеген банк осы жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық есептілікке сәйкес өз шоттарында 202,9 млрд теңге таза пайданы өзінде ұстап отыр. Бұл барлық мемлекеттік сыйақыны төлеп, бюджетке қомақты дивиденд аудару үшін де жеткілікті еді. Бірақ банк мемлекетке ештеңе бермей, керісінше бюджет қаражатына қол салғанды тиімді көретін сияқты.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024