Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

OYLA ғылыми-көпшілік журналының қазақша нұсқасы қайта шыға бастады

OYLA ғылыми-көпшілік журналының қазақша нұсқасы қайта шыға бастады
Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz - Оқушылар мен ата-аналарға арналған алғашқы ғылыми-көпшілік OYLA журналы қазақ тіліндегі нұсқасы қайта шығатын болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында шығарушылар айтты.   Еске салайық, 2016 жылы жазылушылар саны  аз болғандықтан OYLA редакциясы қазақ тіліндегі нұсқасының басылымын тоқтатуға мәжбүр болған еді. Енді Қазақ географиялық коғамы мен Chevron, ForteBank және «Тенгизшевройл» компаниялары қолдауының арқасында қайта шығаруға мүмкіндік туған. Енді қазақ тілдегі журнал ай сайын орыс тілдегі нұсқамен қатар шыға бастайды. Алғашқы тираж - 2500 дана, олар қазақстандық мектептер мен балалар үйлеріне таратылатын болады. Сонымен қатар әрбір азамат журналға жеке жазыла алады. «Біз ғылым мен технологияның тілін үйреніп, оны балаларға жеткізгіміз келеді. Өйткені өскелең ұрпақ оқу мен жасампаздықтан қорықпауы қажет. Біз қазақ мектептерде оқитын балалар үшін мемлекеттік тілдегі ақпарат пен дәріс алудың өте маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан да Қазақстанда шығатын бірден бір ғылыми-көпшілік журналға қолдау көрсеткені үшін серіктестерімізге ризашылығымызды білдіреміз. Жақында OYLA журналын алатын мектеп оқушыларының көңілдерінен шығады деген ойдамыз» - деді журналдың бас редакторы Гамзат Бияров. «Бұл жобаның іске асуының бастауында болғанымыз — біз үшін аса қуанышты жайт. Қазақ Географиялық Қоғамы географиялық және өзге де қоғамдық, табиғаттану ғылымдарының дамуына үнемі қолдау көрсетіп отырады. Бұл — біздің ең басты міндеттеріміздің бірі. Біз әлемді танудың бірден-бір жолы саяхаттау деп санаймыз. Ал балалар біздің болашағымыз, ендеше мұндай іс балалардың танымдық өрісін кеңейтері де сөзсіз. Сондықтан да біз үшін балаларымыздың арман-қиялының тұсалмауы, жан-жақты толысып, жаңа нәрселерге ұмтылуы аса маңызды. OYLA журналынан қызықты саяхаттар, қатерлі тау шыңдарын бағындыру, тартымды зерттеулер туралы оқып, ҚазГео-мен бірге әлемді танудағы көңіл көкжиегін кеңейтіңіз!» - деді Нұрлан Әбдуов, «Қазақ Географиялық Қоғамы» ҚБ Қамқорлық Кеңесінің төрағасы. OYLA - Қазақстандағы алғашқы ғылыми-көпшілік  журнал, орта және жоғарғы сынып оқушылары мен білімге құштар ересектерге арналған. OYLA журналы жаратылыстану ғылымдары - математика, физика, химия, биология, астрофизика бағытындағы мақалалардан, гуманитарлық ғылымдар - тарих, риторика, тіл ғылымдары бағытындағы және жалпы танымдық мақалалалардан, қызықты оқиғалар, теоремалар мен есептерді анықтау, өнертабыстар, ғалымдардың ашылулары туралы мәліметтен тұрады.

Похожие материалы