Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ózgerіs ustasy жеңімпаздарын анықтау үшін онлайн-дауыс беру басталды

Ózgerіs ustasy жеңімпаздарын анықтау үшін онлайн-дауыс беру басталды

Алматы. 25 қазан. 7kun.kz — Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін Ózgerіs ustasy бірінші республикалық сыйлығы иегерлерін анықтауға онлайн дауыс беру басталды.   

Финалисттердің қызметімен танысып, еліміздің ең үздік әлеуметтік кәсіпкерлеріне қазанның 30-на дейін www.voting.ozgeris-ustasy.kz сайтында дауыс беруге болады. 

Көпшілік назарына финалға шыққан Ózgerіs ustasy сыйлығының иегері атануға үміткерлердің қызметі жайлы видео роликтер ұсынылады. Байқауға әлеуметтік-кәсіпкерлік қызметті табысты және жемісті жүргізетін үкіметтік емес ұйымдардан өтінімдер қабылданды.

Жеңімпаздар білім беру, денсаулық сақтау, экология, мәдениет және өнер, осал топтарды қолдау, аумақтарды дамыту салалардағы әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгілері атты 6 номинация бойынша анықталады. Онлайн дауыс беру нәтижесінде іріктелген 15 жеңімпаз үздік деген атаққа қоса 500 000 тг көлеміндегі сыйақы алады. 

Айта кетейік, салтанатты марапаттау рәсімі 2019 жылы 15 қарашада Алматы қаласында өтеді.

Жоба ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде "Act for Impact" (Impact Hub Almaty) корпоративтік қоры.

Похожие материалы