Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ozon қазақстандық нарыққа кіреді

Ozon қазақстандық нарыққа кіреді

Қазақстандық нарыққа ресейлік танымал маркетплейс Ozon келеді. Бұл туралы компания басшысы Александр Шульгин  Ozon ұйымдастырған электронды коммерция туралы форумда айтты.

«Биыл біз Беларусь пен Қазақстанға кіреміз. Бұл Ozon-ға ткіркелген сатушылар тауарын ұсынуға, сол елдің сатушылары тауарларын біздің алаңда сатуға мүмкіндік алады», дейді компания басшысы.

Яғни, қазір Ozon-да сатылатын тауарлар қазақстандықтарға тікелей қолжетімді болып, қазақстандық тауар сатушылар өз өнімдерін аталған маркетплейске шығара алады. Айта кетейік, қазір аталған онлайн алаңда 20 санаттағы 11 млн тауар бар. Қазақстандықтардың қазірдің өзінде Ozon-нан тауар сатып алып, серіктес сауда нүктелерінен 2-2,5 аптада алып кетуге мүмкіндігі бар. Қазақстандық нарыққа енгеннен кейін қандай өзгеріс болатыны әлі белгісіз.

Ал компания Беларусьте ООО «Озон Рокет Бел» атты компания тіркеген. Бұл арқылы елде сорттау, жеке тапсырыс беру орталығын ашып, логистикалық инфрақұрылымды дамытпақшы. Беларусь осылайша  Ozon Ресейден тыс жерде жеке логистикалық инфрақұрылымын қалыптастырған алғашқы мемлекет болады. Бұл тауарды жеткізу уақытын 5-7күнге қысқартпақ.

Спикердің айтуынша 2025 жылы компанияның айналымы 2,5 трлнға, платформада сатушылар саны 500 мыңға жетеді. Айта кетейік, компания 2021 жылдың 1 тоқсанында 6,73 млрд рубль шығынға ұшырады.

Похожие материалы