Украина дефолт қаупінен құтылып, елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыра алды. Бұл туралы Жоғарғы рададағы жыл сайынғы жолдауында Украина президенті Петр Порошенко мәлім етті.
"ХВҚ (Халықаралық валюта қоры - 7kun.kz) және өзге халықаралық ұйымдар, ЕО, АҚШ және өзге мемлекеттер тарапынан көрсетілген ауқымды макроэкономикалық жәрдем - осының барлығы және биліктің барлық тармақтарының күрделі әрі өте танымал емес шешімдері мен тиімді әрекетттері болуы күмәнсіз болып көрінген дефолтты болдырмауға және макроэкономикалық жағдайды тұрақтандыруға, еңбекақылар мен зейнетақыларды кешігусіз төлеуге, экономиканың құлдырауын баяулатуға, валюта нарығындағы байбаламды еңсеруге мүмкіндік берді", - деп мәлімдеді П.Порошенко. П.Порошенконың айтуынша, Украина мемлекеттік сатып алуларды өткізуде табысқа жеткен, алайда ұрлық пен сыбайлас жемқорлық әлі де жалғасуда. "Мемлекеттік сатып алулар саласында алғашқы табыстарымызды атап өткім келеді. Әлі де ұрлықтар бар, бірақ қазіргі таңда біз біршама ілгері жылжыдық", - деді Ураина президенті. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алулар жүйесінде "көптеген схемалар жабылды, ашықтық артып келеді", ал "электрондық сатып алулар жүйесін енгізгеннен болған үнем 20%-ды қамтыды". Дегенмен "әрбір бесінші украиндық параны өмір нормасы деп санайды" екен.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024