авторизация процессорных карточек - процессорлық карточкаларды қуаттау
авторизация собственно пользователей банковской системы - банк жүйесін пайдаланушылардың өзін қуаттау
авуары - авуар (1. иелері төлем төлей алатын, міндеттемелерді өтей алатын түрлі актив қаражат: ақша, чек, вексель, аударым, аккредитив, мүлік; 2. банктердің шетелдік корреспондент-банктердегі шоттарында шетел валютасы, бағалы қағаздар, алтын түрінде сақталған қаражаты)
авуары банка - банк авуары, банк қазынасы
авуары блокированные - оқшауландырылған авуар
авуары в иностранной валюте - шетел валютасы түріндегі авуар
авуары иностранные - шетелдік авуар
авуары с определенным режимом пользования - белгілі бір режиммен пайдаланылатын авуар
авуары свободные - еркін авуар
агент - агент (биржада бағалы қағаздарды немесе тауарларды сатып алу-сату жөніндегі фирма немесе тұлға)
агент банка - банк агенті (несие карточкаларының иесіне қызмет көрсетуде басқа банктердің агенті міндетін атқарушы банк)
агент валютного контроля - валюталық бақылау агенті
агент, ведущий биржевые операции на профессиональной основе - кəсіптік негізде биржа операцияларын жүргізуші агент
агент, выпускающий акции - акция шығарушы агент
агент клиента - тапсырыскер агенті
агент комиссионный - комиссиялық агент
агент консигнационный - консигнациялық агент (тауарларды сатуға, сатып алуға немесе тауар кепілдігімен қарызға ақша алуға өкілеттігі бар агент)
агент платежный - төлем жөніндегі агент (акциялар бойынша дивиденд немесе облигациялар бойынша пайыз төлейтін банк не несие-кредит институты)
агент по изъятию банкнот - банкнот алу жөніндегі агент
агент по инкассо - инкассо жөніндегі агент (басқа тұлғаның не банктің тапсыруымен чектерді, тратталарды, купондарды, т.б. құжаттарды инкассолау мақсатымен өңдейтін тұлға не банк)
агент по клирингу - клиринг жөніндегі агент (есептесу палатасына мүше емес банк үшін чек айырбастайтын мүше банк)
агент по конвертированию одних видов ценных бумаг в другие - бағалы қағаздардың бір түрлерін екінші бір түрлеріне айырбастау жөніндегі агент
агент по обмену - айырбас жөніндегі агент
агент по обмену, продаже и покупке иностранной валюты - шетел валютасын айырбастау, сату жəне сатып алу жөніндегі агент
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024