ажио - ажио, айырма (1. бағалы қағаздың нарықтық бағамының оның көрсетулі құнынан өсу жағына қарай ауытқуы; 2. акциялардың үшінші бір елдер биржаларындағы бағамының ұлттық биржалардағы бағаммен салыстырғанда өсуі; 3. алтын ақша құны мен биржадағы ақша құнының арасындағы айырма; 4. қағаз ақшаны алтынға немесе бір валютаны екінші валютаға айырбастау үшін алынатын комиссия, белгіленген бағаға үстеме төлем)
ажио-конто - ажио-конто (пайда мен залал көрсетілетін шот)
ажио-надбавка - ажио-үстеме (алтын ақшаны аттас қағаз ақшаға айырбастау кезінде алынатын үстеме)
ажиотаж - дүрлікпе (биржадағы, нарықтағы алыпсатарлық ойын; тауарлардың бағасын, биржалық қағаздардың бағамын қолдан көтеру не түсіру)
ажур - ажур (1. есеп-қисап жұмыстарын белгіленген мерзімде орындау; 2. операциялар күнбе-күн жазылып отыратын бухгалтерлік есеп)
азартная игра на бирже - биржадағы құмар ойын
азартно играть на бирже - биржада құмарлықпен ойнау
азиатская валютная единица - Азияның валюта өлшемі
азиатская денежная единица - Азияның ақша бірлігі, Азияның ақша өлшемі
азиатские долларовые облигации - Азияның долларлық облигациясы
азиатские доллары - Азия доллары (Сингапурда орналастырылған жəне АҚШ-тан тысқары жерлерде пайдаланылатын АҚШ доллары түріндегі банк депозиттері)
Азиатский банк развития (АзБР) - Азиян даму банкі
Азиатский валютный отдел - Азиялық валюта бөлімі (Сингапур)
азиатский доллар - Азия доллары
Азиатский клиринговый союз - Азия клирингілік одағы
Азиатский платежный союз - Азия төлем одағы
Азиатский фонд развития - Азия даму қоры
АИБОР - АИБОР (AIBOR: Amsterdam Interbank Offered Rate - Амстердамдағы банк аралық депозиттік нарық ұсынысының мөлшерлемесі)
аквизиция - аквизиция (1. көлік не сақтандыру компанияларының жаңа тапсырыскерлерді тартуы; 2. кəсіпорынның барлық акцияларын акцияшының сатып алуы)
аквитенс - аквитенс (қаржы жауапкершілігінен босататын құжат)
аккит - аккит (ақшаны алғаны туралы қолхат; төлемді толық не ішінара алғаны туралы төлем құжатындағы жазу)
аккредитив - аккредитив, сенімдеме (1. атаулы ақшалай құжат, онда көрсетілген соманы есімі жазылған тұлғаның банктен алу ға құқығы куəландырылады; 2. банктің шартты ақшалай міндеттемесі, оны банк клиент тің тапсырмасымен шарт бойынша контрагентке береді; 3. банктің өзінің басқа елдегі корреспондент-банкке біреуге белгілі бір соманы өзінің есебінен беруге тиісті құжаттар мен қуатталған, рұқсаты, келісуі)
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024