Орысша-қазақша банк терминдері сөздігі - 6,7 беттер
А+ - А+ (standard & poor’s жіктемесіндегі жүйе бойынша акцияның ең жоғары құнын көрсететін мəн) ААА, АА, А; Ааа, Аа А; А++, А+, А - ААА, АА, А; Ааа, Аа А; А++, А+, А (бағалы қағаздар рейтингінің жоғары, өте жақсы жəне жақсы екендігін əріппен таңбалау)аб ово - аб ово (“басынан баста”, “нөлден бас та”) (биржа қызметінің жаңадан басталғанын көрсететін сөз тіркесі)
АБЕКОР (АВЕСОR Assоcіated Banks of Europe Corporatіon) (Ассоциированные банки европейской корпорации) - АБЕКОР (АВЕСОR Assocіated Banks of Europe Corporatіon) (Еуропаның қауымдастырылған банктер корпорациясы)
абонементные ящики для быстрого обслуживания банковских клиентов - банк клиенттеріне тез қызмет көрсетуге арналған абоненттік жəшік абсолютная цена - абсолюттік баға
абсолютное значение одного процента прироста - бір пайыз өсімнің абсолюттік мəні абсолютные цены - абсолюттік баға
абшлюс - абшлюс (шоттың əлсіз жағына сальдоны жазу қажеттігін көрсету)
а. виста - а. виста (төлем мерзімі көрсетілмеген вексель)
авалирование - авальдау‚ кепілдендіру (авальды ресімдеу)
авалирование векселя - вексельді авальдау, вексельді кепілдендіру
авалированный вексель - авальдандырылған вексель, кепілдендірілген вексель
авалист - авальшы, кепілгер (вексель кепілдігін беруші, яғни аваль беруші)
авалист по векселю - вексель бойынша кепілгер
аваль - аваль, кепілхат (вексель бойынша міндетті тұлға үшін кепілгерлік; вексельдегі кепілгерлік жазба)
аваль банковский - банк авалі (банктің вексельдік кепілдігі)
аваль-кредит - аваль-несие (кепілдікті несие)
авальный кредит - кепілдікті кредит (вексель бойынша міндетті біреу үшін вексельдің заңды иесі алдын да дəрменсіз болған жағдайда вексель бойынша төлем төлеуге банк кепілдік беретін несие беру түрі)
аванс в счет взаимных расчетов - өзара есеп айырысу шотына аванс (алғытөлем)
аванс внесен - аванс (алғытөлем) төленді
аванс для коммерческого кредитования - коммерциялық несиелендіру үшін аванс (алғытөлем)
аванс компаниям-филиалам - филиал-компанияларға берілетін алғытөлем (бас компанияның еншілес компанияға беретін несиесі)
аванс на текущем банковском счете - ағымдағы банк шотына аванс (алғытөлем)
аванс погашен - аванс (алғытөлем) өтелді
аванс под дебиторскую задолженность - дебиторлық берешек кепілімен берілетін аванс (алғы төлем)
аванс под залог - кепілзат кепілімен берілетін аванс (алғытөлем)
аванс под ценные бумаги - бағалы қағаздар кепілі мен берілетін аванс (алғытөлем)
аванс-задаток - аванс (алғытөлем) - кепіл ақша
авансирование - авансылау, алғытөлем төлеу (1. өндіріске жұмсалған ақшалай қаражаттың өзінің бастапқы көзіне қосымша өнім құны түрін де қайтып оралатын экономикалық үдеріс; 2. алғытөлем беру; 3. өндіріске алдағы шығыс есебінен ақшалай қаражат беру)
авансирование денежных средств - ақшалай қаражаттың алғытөлемін төлеу
авансирование предприятия - кəсіпорынға алғытөлем беру
авансирование сезонных процессов производства - өндірістің маусымдық үдерістеріне алғытөлем төлеу
авансированная стоимость - алғытөлем төленген құн
авансированные средства - қаражатты авансылау, алғытөлем төленген қаражат, алғы төлемге берілген қаражат; алдын ала жұмсалған қаражат (алға қойылған міндеттерді орындау үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін бөлінген ақшалай қаражат)
авансированный капитал - авансыланған капитал
авансированный кредит - авансыланған кредит
авансировать - авансылау, алғы төлем беру
авансировать капитал - капиталды авансылау
авансовая ссуда - аванстық (алғытөлемдік) несие
авансовое покрытие - аванстық (алғытөлемдік) өтем
авансовые платежи - алғытөлемдік төлемдер, аванстық төлемдер
авансовый корпорационный налог - аванстық (алғытөлемдік) корпоративтік салық (Ұлыбритания)
авансовый кредит - алғытөлемді кредит
авансовый кредит на заготовку сельскохозяйственных продуктов - ауылшаруашылық өнімін дайындауға берілетін алғытөлемді кредит
авансовый кредит на закупку сельскохозяйственной продукции - ауыл шаруашылық өнімін сатып алуға берілетін алғытөлемді кредит
авансовый остаток - алғытөлем қалдығы
авансовый отчет - алғытөлем есептемесі (есеп беру)
авансовый платеж - алғытөлемдік төлем, аванстық төлем (сақтандыруда сақтанушы сақтандырушыға күні бұрын төлейтін төлем)
авансовый платеж по основной сумме долга - борыштың негізгі сомасы бойынша алғытөлемдік төлем
авансодержатель - алғытөлем ұстаушы, алғытөлем алушы
авансом - аванс түрінде, алғытөлем түрінде “авансы от заказчиков” - “тапсырыскерлерден алғытөлем” (тапсырыскерлерге берешек шамасын көрсететін міндеттемелер шоты)
“авансы покупателей” - “сатып алушылардың алғытөлемі” (сатып алушылар төлеген аванстық төлемдер үшін олардың алдындағы міндеттемелер сомасын көрсететін бухгалтерлік шот)
“авансы покупателям” - “сатып алушыларға алғытөлем” (алғытөлем ретінде төленген ақшалай қаражатты көрсететін актив шот)
“авансы поставщикам” - “жеткізушілерге алғытөлем” (тауарлар алынғанға, қызметтер көрсетілгенге дейін алғытөлем түрінде төленген ақшалай қаражат көрсетілетін актив шот)
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024