Алматы. 4 ақпан. 7kun.kz – Пайдаланушылар интернетте өмірінің төрттен бір бөлігін өткізеді. We Are Social және Hootsuite халықаралық агенттігі жасаған интернет-нарығының жағдайы туралы Digital 2019 есебінде осындай мәлеметтер тіркелді.
Орташа пайдаланушы күн сайын 6 сағат 42 минут онлайн өткізеді (осы уақыттың жартысы - мобильді құрылғылардан), бұл жылына 100 күннен астам уақытты құрайды.
Ғаламторда ең аз уақытты Жапония пайдаланушылары өткізеді - күніне 3 сағат 45 минут. Ең көп - Филиппин пайдаланушылары (күніне 10 сағаттан астам).
Интернет пайдаланушыларының саны күн сайын орташа есеппен 1 млн-нан асады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан пайдаланушылар саны366 млн-ға (9%) артты.
Мобильді құрылғыларды пайдаланушылардың саны 5,11 млрд (әлемдік халықтың 67%), ал Интернетті пайдаланушылар саны - 4,39 млрд (халықтың 57%).
Интернеттің ең жоғары пайдалануы Солтүстік Америка (95%), Еуропа (80%-дан 95%-ға дейін) және Оңтүстік Америка (73%) елдерінде байқалады. Интернеттің ең төменгі пайдалануы - Орталық Африка (12%), Шығыс Африка (32%) және Батыс Африка (41%) елдерінде. Орталық Азия есепке сәйкес интернетпен 50% қамтылған.
Alexa және SimilarWeb рейтингі бойынша ең жиі қаралатын сайттар - Google.com, YouTube.com, Facebook.com, Baidu.com және Wikipedia.org
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024