Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz – Күнделікті қолданысқа қажетті тауарлардың құны соңғы он жылдықтарға қарағанда тез өсіп келе жатқандықтан, азық-түлік және энергетика саласындағы миллиардерлер екі күн сайын өздерінің байлығын 1 миллиард долларға арттыруда. Алайда миллиондаған адам дәл сондай жылдамдықпен кедейлене береді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл туралы oxfam.org халықаралық бірлестігі сараптама жасаған. Пандемия басталғаннан бері әлемде әр 30 сағат сайын жаңа миллиардер пайда болады. Сонымен бірге, бірлестіктің мәліметтері бойынша, әлемде "кедейлік" аймағына түсетін адамдардың да саны өсуде.
Сонымен, пандемия кезінде 573 адам жаңа миллиардер болды. Бұл ретте биылдың өзінде 263 миллионнан астам адам кедейшілік шегіне өтеді деп күтілуде. Азық-түлік және энергетика салаларындағы миллиардерлердің байлығы соңғы екі жылда 453 миллиард долларға өсті. Қазіргі уақытта әлемдегі миллиардерлердің жалпы байлығы әлемдік ЖІӨ-нің 13,9 пайызына тең. Бұл 2000 жылғы 4,4 пайызға қарағанда үш есе өсу.
Бес ірі энергетикалық компания: BP, Shell, Total Energy s, Exxon және Chevron секундына 2600 доллар пайда табады және қазіргі уақытта бұл салада 62 жаңа миллиардер бар.
Oxfam сарапшылары әр елдің Үкіметіне концерндер мен өте бай адамдар үшін жоғары салық енгізуді және осыдан түскен қаражатты әлеуметтік қызметтерді дамытуға жұмсауды ұсынды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024