Астана. 20 шілде. 7kun.kz - Пара алып, істі болған Қорғаныс министрлігінің 11 қызметкеріне жаза кесілді. Үкім мамандандырылған ауданаралық әскери сотта оқылды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Күдіктілердің жалпы есептегенде 69 млн теңге көлемінде пара алғаны дәлелденді.
Сондай-ақ қылмыстарына қарай қорғаныс саласының бұрынғы қызметкері мен Қаржы министрлігінің бір маманы және алты кәсіпкер әртүрлі мерзімге сотталды. Ал Қазақстан қарулы күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы басшысының орынбасары подполковник Төлеміс Жұмқазиев он екі жылға бас бостандығынан айырылды. Мүлкі тәркіленіп, подполковник шенінен айырылды.
"2016 жылдың тамыз және желтоқсан айлары аралығында Қарулы күштердің әскери бөлімдеріндегі асханаларда жеке құрамның тамақтануын ұйымдастыру барысында мемлекеттік сатып алу конкурстарына ықпал етіп, кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алғандары үшін кінәлі деп танылды", - деді мамандандырылған ауданаралық әскери соты төрағасының міндетін атқарушы Баязид Дәрібаев.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024