Алматы. 8 қазан. 7kun.kz — Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.
«Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алған Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары - жер комиссиясының төрағасы Б.К. Серіковке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бұған дейін аяқтаған еді. Ол жеке тұлғалардың пайдалануына жатпайтын қосымша жер учаскесін жалға беру туралы оң шешім қабылдағаны үшін азаматтан 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте айыпталушының өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айрылғанын атап өтті.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024