Сильвестор есімді Париж қаласының тұрғынын смартфоны өлімнен сақтап қалған. Сильвестордың айтуынша, бомбаның қалдығы оның жүрегіне тиюге қалған. Әйтсе де, жүрек тұсында ұялы телефоны болып, өлімнен аман қалды деп хабарлайды iTele арнасы.
Оқыс оқиға орын алған сәтте Сильвестор Stade de France стадионының маңайында жүрген. Сол сәтте үш рет жарылыс болып, ол лаңкестердің шабуылына тап болған. Атыс кезінде Сильвесторға екі оқ тиген: бірі аяғына, бірі ішіне. Нағыз өлімнен сақтап қалған - смартфоны. Себебі, жарылған бомбаның қалдығы жүрегіне қарай бағыт алып келген. Бірақ, күртешесінің қалтасындағы гаджет иесін аман сақтап қалған. «Смартфон менің өмірімді құтқарды. Бұл бір ғажайып болды. Шынымды айтсам, мұндайды ешкімнің басына келсін деп тілемес едім», – деп ағынан жарылды ол iTele арнасына берген сұхбатында.
Attentat au #StadeDeFrance > "C'est mon portable qui m'a sauvé", témoigne Sylvestre qui était aux abords du stade https://t.co/lIQq3R3OYs
— iTELE (@itele) 14 ноября 2015
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін жеті шабуыл жасаушының жойылғаны туралы мәлімет тараған еді: «Батаклан» театрында төртеуі және «Стад да Франс» стадионында үшеуі жойылған.
Болып өткен бірнеше терактілерге жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» тобы мойнына алғаны белгілі болды. Француз БАҚ-ның соңғы мәліметтеріне орай, Париждегі алты терактіден қаза болғандар саны 153 адамды құраған.
Сондай-ақ, Францияға көрсетілген қолдау ретінде әлемнің көптеген ғимараттары елдің туымен түстес етіп боялды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024