Париждегі террорлық акт кезінде сегіз лаңкестің көзі жойылды деп жазады AFP. Ақпарат көзінің айтуынша, шабуыл жасаушылардың жетеуі өз-өздерін жойып жіберген.
Осыған дейін жеті шабуыл жасаушының жойылғаны туралы мәлімет тараған еді: "Батаклан" театрында төртеуі және "Стад да Франс" стадионында үшеуі жойылған. Le Monde басылымы олардың алтауы "өлімші белдігінің" көмегімен өздерін өлтірген деп жазды. Жұма күні кешке қарай "Стад де Франс" стадионы жақтан үш жарылыс даусы естілген. Сонымен бірге, белгісіз біреулер Париждегі бір мейрамханада атыс бастаған. Одан бөлек, "Батаклан" театрында болып жатқан рок-концерт кезінде белгісіздер тұтқынға адамдар алған. Париж мэриясы террорлық актінің нәтижесінде кем дегенде 140 адам қаза болды деді. Болып өткен бірнеше терактілерге жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" тобы мойнына алғаны белгілі болды. Француз БАҚ-ның соңғы мәліметтеріне орай, Париждегі алты терактіден қаза болғандар саны 153 адамды құраған. AFP мәліметі бойынша, Франция президенті Франсуа Олланд америкалық әріптесі Барак Обамамен телефон арқылы келіссөз жүргізді. Екі ел басшылары терроризмге қарсы күрес шараларын талқыға салды. Естеріңізге сала кетсек, АҚШ Францияға көмек қолын созған болатын.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024