Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Парламент Есеп комитеті мен үкіметтің 2014 жылғы бюджетті игеру туралы есебін қабылдады

Парламент Есеп комитеті мен үкіметтің 2014 жылғы бюджетті игеру туралы есебін қабылдады

Қазақстан парламенті палатаның ортақ жиналысында үкімет пен Есеп комитетінің 2014 жылы республикалық бюджетті орындалуы туралы есепті қарап, бекітті.

2014 жылы ЖІӨ-нің өсімі 2013 жылмен салыстырғанда 4,3%-ды құрады. Бұл жоспарланған көрсеткішке сай келеді деп мәлімдеді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. Оның мәліметінше, 2014 жылы инфляция көлемі 7,4%-ды құраған. Бұл жоспарланған дәлізден 0,6 пайыздық пункт аз. Есеп комитетінің қорытынды кезеңінде 323 обьектіге 29 бақылау шарасы өткізілген. Анықталған қателіктердің жалпы сомасы 541,7 млрд  теңгені құрайды. Бұл туралы қаржы және бюджет бойынша мәжіліс комитетінің қорытындысында жазылған. Жалпы қаржылық қателіктерден түскен соманың 80,8%-ын немесе 418,5 млрд теңгесін бюджетті игеру кезінде кеткен қателіктер, 4,3%-ын мемлекеттік сатып алуды өткізу кезіндегі және 12,9%-ын мемлекет активін пайдалану кезінде орын алған қателіктердің қаржылық сомасы құрайды. 2014 жылғы мониторинг қорытындысы бойынша, жалпы қаржылық қателіктердің 44,3%-ы немесе 239,7 млрд тенгесі Бюджетткі кодексті нормаларын орындамағанға тиесілі. Қайта қалпына келуі қажетті 102,6 млрд теңгенің 91,4 млрд теңгесі немесе  89%-ы қайтарылған. Арнайы шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға 22 бақылау материалы жіберілді.

Похожие материалы