Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Парламент жұмысы 5 шілдеге дейін ұзартылды

Парламент жұмысы 5 шілдеге дейін ұзартылды

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz – Парламенттің төртінші сессиясы 2019 жылғы 5 шілдеге дейін ұзартылды.

«Қазіргі уақытта елімізде бірқатар әлеуметтік шаралар қабылдануда - бұл қосымша жұмысты талап етеді, атап айтқанда, бюджетке түзету енгізу қажет», - деді ел премьер-министрі Асқар Мамин.

Оның сөзіне қарағанда, осы шаралардың іске асуы нәтижесінде ағымдағы жылдың аяғына дейін жұмыссыз 300 мыңнан астам адам «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» баңдарламалары бойынша  кәсіптік білім беру арқылы жұмысқа орналастыру шараларымен қамтылады.

«Осы маңызды үлкен шараларды іске асыру үшін 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістерді енгізу қажет. Осыған байланысты бюджетке енгізілетін өзгерістерді қарастыру үшін Парламент сессиясының жұмысы мерзімін ұзарту мәселесін қарастыруды сұраймын», - деді Үкімет басшысы.

Депутаттар министрлер кабинетінің бастамасын бірауыздан қолдады. Осылайша, алтыншы сайланған Парламенттің төртінші сессиясы 2019 жылғы 5 шілдеге дейін ұзартылды.



Похожие материалы