Ереван. 6 мамыр. 7kun.kz – Бір аптадан бері Арменияда мыңдаған адам жиналып, үкіметке қарсы шерулер өтіп жатыр. Ереванның орталығында шатырлар пайда болып, орталық көшелері мен тас жолдары жабылуда. Белсенділер Әзірбайжанмен Таулы Қарабақ мәселесі бойынша келіссөздердегі премьер-министр Никол Пашинянның ұстанымына наразы болып, саясаткердің отставкаға кетуін талап етуде, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Шерулерге шыққан 92 адам ұсталды", – деп хабарлады Ереван полициясы 5 мамырда.
Оппозициялық акциялар сәуірдің аяғында Пашинян Қарабақ мәселесі аумақтық емес деген мәлімдемесінен кейін басталды. Елдегі бұған дейінгі жаппай наразылықтар Армения мен Әзірбайжан арасында Ресейдің қатысуымен Ереванның ондаған жылдар бойы бақылауында болған аумақтар Бакуге өту туралы келісімге қол қойылғаннан кейін болған. Алайда, 2021 жылдың қыркүйегінде өткен кезектен тыс сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті. Оппозиция үкімет отставкаға кеткенше шерулер жалғасатынын айтты.
Оппозиция премьер-министрді Таулы Қарабақты Бакудің бақылауына беруге дайын деп айыптады. Ал Пашинянның өзі Таулы Қарабақ келіссөздерін сәтсіздікке ұшыратқан ол емес, бұрын президент, кейін Үкімет басшысы болған Серж Саргсян кінәлі деп жауап берді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024