Өткен жылы Tengri Bank, AsiaCredit Bank, Capital Bank Kazakhstan банктері бірігу туралы келісімге келген еді. Алайда 21 ақпанда «Tengri Bank» АҚ-ның ірі акционері Punjab National Bank «AsiaCredit Bank» АҚ және «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-мен қосылудан бас тартты.
Қалған екі банк бірігуді жалғастыратынын мәлімдеді. Tengri Bank бірігуден не үшін бас тартты? Бұл сұраққа «Tengri Bank» АҚ Басқарма төрағасы Паван Сингх жауап берді.
-Паван Сингх мырза, банк акционері Capital Bank Kazakhstan мен AsiaCredit Bank-ті қосып алудан неге бас тартты?
-Қосылуға берген келісімді қайтарып алу жөніндегі шешімді Банктің негізгі акционері – PNB қабылдады. Қазақстан стратегиялық маңызды аймақ болып табылады және PNB «Tengri Bank»-ті болашақта өздігінен дамуға мүмкіндігі бар қаржы институты ретінде көреді. PNB банкке жан-жақты, оның ішінде қаржы жағынан көмек көрсетуді жалғастыратын болады.
- «Tengri Bank»-тің бұдан әрі даму стратегиясы қандай?
-Ғаламдық мақсат – заманауи өнімдер мен сервистерді ұсынатын ең үздік инновациялық банктердің бірі болу. Банктің стратегиясы жеке және корпоративтік бизнеске арналған өнімдер мен қызметтерді әрі қарай дамытуды, жаңа нарықты игеруді, онлайн режимінде жеке сегментке арналған банктік өнімдерді ұсына отырып, бизнес-процестерді жетілдіруді көздейді. Негізгі фокус бизнесті әртараптандыруға, табысты жобаларды тартуға және жаңа технологияларды пайдалануға бағытталған.
2020 жылы біз әртараптандыру саясатын ұстануды жоспарлап отырмыз. Бұл – кредиттер бойынша клиенттер санын 2 есеге, депозиттік портфель бойынша 30%-ға көбейтеді. Бұл ретте, 2019 жылы кредит портфелі бойынша клиенттер саны 50%-ға, ал депозиттік портфель бойынша 28%-ға өскенін атап өткім келеді.
-Банк 2020 жылы жаңа банктік өнімдерді ұсынуды жоспарлап отыр ма?
-Жеке бизнесте көптеген өнімдерді қашықтықтан қол жеткізу жүйесі арқылы қызмет көрсетуге көшіру және жаңа сервистер қатарын мобильді қосымшада ұсыну жоспарлануда.
Бұдан басқа, жаңа өнімдер енгізілетін болады:
- Карточкалық өнімдер желісін кеңейту, оның ішінде кредит карталарын іске қосу;
- Тез және тиімді төлеуге мүмкіндік беретін QR-төлемдерді ендіру;
- Ипотекалық қарыздарға, автокредиттеуге арналған тиімді талаптарды әзірлеу және тағы басқалар.
-Жаңа өнімдерден қандай нәтиже күтесіздер?
-Жаңа өнімдерді іске қосудың нәтижесінде банк портфелінің құрылымындағы жеке бизнес үлесінің өсімі ағымдағы жылдың соңында несие портфелі бойынша 20%-дан аса пайызды және депозиттік портфель бойынша 40%-тан астам пайызды құрауын күтеміз. Ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап депозиттер санының өсуі 5% құрағанын атап өткім келеді. Біз берілетін қарыз көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 60%-ға өседі деп жоспарлап отырмыз.
-Корпоративтік бизнесте қандай өзгерістер болады?
-Корпоративтік бизнес транзакциялық банкингті дамытуға акцент жасауды жоспарлауда. Бұл ретте, негізгі стратегия — "бір жолғы" қызметтерден бас тарту және клиентпен ұзақ уақыт қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін кешенді қызметке көңіл бөлу. Біздің банкте икемді тарифтік саясат қолданылады, сондай-ақ компаниялардың есептік-кассалық операцияларға арналған шығыстарын 50-60%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін топтамалық ұсыныстар қатары әзірленген. Клиент бір рет абонентік төлем төлей отырып, осындай топтамалық ұсыныстар аясында теңгемен шектеусіз ақша аударымдарын, сондай-ақ қолма қол ақшаны алуды және салуды, тендерлік кепілдік шығаруды, ақша айырбастауды және көптеген қызметтерді жүзеге асыра алады.
Ағымдағы жылы банк банктік депозиттер, салымдар, кепілдіктер және ШОБ микрокредиттеу бойынша жаңа өнімдерді ұсынады. Біз корпоративтік клиенттерге Tengri Бизнес Light жаңа депозитін ұсынудамыз, оның ерекшелігі, оны барынша төмендетілмейтін қалдықпен ашуға болады, және осы депозитті толықтыру немесе одан ақша алу көзделген, яғни оны ағымдағы шот ретінде пайдалануға, депозиттегі қалдыққа пайыз түрінде сыйақы алуға болады.
Өткен жылы біз шот ашуға, оларды басқаруға, түрлі аударымдар жасауға және олар бойынша ақпарат алуға мүмкіндік беру үшін серіктестер жүйесін банк жүйесімен біріктіруге арналған API ұсындық. 2020 жылы біз қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесінде жаңа мүмкіндіктер мен функционалды ендіру, сондай-ақ мобильді банкингті іске қосу арқылы клиенттермен қарым-қатынасты цифрландыруға бағыттаймыз.
- Tengri Bank табысты болуына ықпал ететін құралдарды атап өтсеңіз?
- Банк үлесінде мықты шетелдік қатысушының болуы, сатылымды орталықтандырып басқару және есеп берудің бірыңғай стандарттарын, банк желісінде өнімдер мен объектілер бойынша сатылымдарды жоспарлау және жоспардың орындалуын бақылау жүйесін жасау – бұл біздің табысымыздың құрамдас бөлігі. Бұл ретте, біз үш қарапайым ережеге сүйенеміз:
- клиенттерімізге жаңа, өзекті өнімдерді тұрақты түрде әзірлеу және оларды ұсыну;
- қаражаттың сақталуына кепілдік беру және оны қамтамасыз ету;
- жоғары халықаралық деңгейде қызмет көрсету.
- Клиенттермен бизнес қатынас орнату маңызды. Басқа банктерден бұл бағытта сіздерді не ерекшелейді?
- Ең бастысы бүгінгі күні өзекті мәселені ескереміз: ұзақ операция күні, онлайн ақпарат, онлайн төлемдерді кешіктірмей төлеу, функционалды қарапайым интернет/мобильді банкинг.