Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – Telegram Messenger LLP иесі Павел Дуров өзінің компаниясын тіркелуін тоқтатуды және оны реестрден алып тастауды сұрап Британ мемлекеттік заңды тұлғалар реестріне 2018 жылы 19 желтоқсанда өтініш жазған. Бұл туралы РБК агенттігі хабарлайды.
Аталған компания атақты Telegram мессенджерін құрушы заңды тұлға болып саналады. Оны жабуға не себеп болғаны ресми айтылған жоқ. РБК сөйлескен заңгерлердің пікірінше, бұл жағдай мессенджердің жұмысына әсер етпейді. Өзгеріс Дуровтың бизнес құрылымын қайта жасақтау үшін қажет болуы мүмкін. Telegram Messenger LLP компаниясы Британдық Виргин аралдарында тіркелген. Ал бұл елдің заңнамасына 2019 жылғы 2 қаңтарда енген өзгеріс көптеген ірі компанияны қайта құрылымдауға мәжбүрлейді. Telegram Messenger LLP компаниясы 2014 жылы құрылды. Компанияның негізгі өнімдерінің бірі - Telegram хат-хабар алмасу сервисі. Сервистің әлем бойынша шамамен 200 млн қолданушысы бар. Ресей заңнамасына сәйкес осындай интернетте ақпарат таратуды ұйымдастыратын ресурстар Ресей реестріне кіреді және Роскомнадзор федералдық қызметіне өзіне туралы барлық қажет ақпаратты беруге міндетті. Сондай-ақ РФ Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) қолданушылардың хат-хабар алмасуын дешифрлеуге қажетті ақпаратты талап етті. Аталған міндеттерді орындамағаны үшін Telegram Ресей территориясында 2018 жылы сәуірден бастап бұғатталды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024