Павлодар. 10 тамыз. 7kun.kz – Әлеуметтік желілерде балабақша қызметкері баланы бірнеше рет ұрып-соққаны байқалатын видео жарияланды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Кадрларда балабақша қызметкері кішкентай қызды ұстап алып, қалай төсекке күштеп жатқызғаны, кейін үстін жауып, қолымен бірнеше рет ұрғаны байқалады.
«Бейнебақылау камерасын тексеру кезінде тәрбиеленуші кереуеттің шетіне өзі соғылғаны анықталды. Алайда камералардан жазбаларды одан әрі қараған кезде тәрбиеші көмекшісінің "Б" кіші тобының тәрбиеленушісін ұрғаны анықталды. Бұл жағдай 9 тамызда ұйықтайтын бөлмеде балаларды күндізгі ұйқыға жатқызу кезінде болған», - деді Павлодар Білім беру бөліміндегілер.
Мектепке дейінгі ұйым басшысының міндетін атқарушы және кіші топ тәрбиешісінің көмекшісінен түсініктеме алынды.
Жұмыс берушінің бастамасымен тәрбиеші көмекшісімен еңбек шарты бұзылды. Сонымен қатар бақылау жасамағаны үшін мекеме басшысына сөгіс жарияланды. Одан әрі тексеру үшін материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024