Экономика
Регионы
Павлодар облысына 348 млрд теңге көлемінде инвестициялар тартылды
Павлодар облысына 348 млрд теңге көлемінде инвестициялар тартылды. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 19,3 пайызға артық. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жөніндегі баяндамасында аймақ басшысы Қанат Бозымбаев хабарлады.
"Егін шаруашылығында дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 6,7 центнерді құрады, астықтың жалпы түсімі – 429,2 мың тонна. Соған қарамастан, картоп 350,8 мың тоннаға, көкөніс 8,1 пайызға артық жиналды. Мұндай көрсеткішке алқаптарды жаңбырлатып суару көлемін 6,1 мың гектарға арттырудың нәтижесінде қол жеткізілді. Мал шаруашылығында өндіріс көлемі 5,4 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 90,3 пайыз болды", - деді Қанат Бозымбаев.
Сондай-ақ, аймақ басшысы құрылыс жұмыстарының көлемі 16,8 пайызға өскенін атап өтті. Облыс әкімінің айтуынша, өткен жылы 201,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Болжамға сәйкес
жалпы ішкі өнімнің жылдық көлемі 3 пайызға артқан. Әлеуметтік салада барлық нысаналық индикаторлар орындалды. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға дейін төмендеп, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 25 пайызға кеміген.
Ақпарат көзі: pavlodarnews.kz