
Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.
Әбілқайыр Сқақов бұған дейін Қазақстанның Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
20 қаңтар ҚР премьер-министрі Асқар Мамин оның кандидатурасын мәслихат депутаттарына ұсынды. Олар бірауыздан Сқақовты қолдады.
Сондай-ақ, Мамин Павлодар облысының жаңа әкімін өңір активімен таныстырды.
Айта кетейік, өңірдің экс-әкімі Болат Бақауов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін екі айға қамауға алынды.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025