Павлодар облысы. 4 қазан. 7kun.kz – Павлодар облысында сот медбикеге тиіскен депутатқа 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Тime.kz мәліметінше, Баянауыл аудандық ауруханасында күндізгі стационарға емделуге келген 59 жастағы дәрігер инъекция салған медбикенің палатада жалғыз қалғанын пайдаланып тиісе бастаған.
Медбике сотта ер адамды итеріп, одан жылап қашқанын айтқан. Медбике оның кешірім сұрағанын телефонға жазып алып, содан кейін полицияға арызданған.
Ал сотта дәрігер әзілдесіп, абайсызда қолымен түртіп алған болуы мүмкін екенін айтып, кінәсін мойындамаған.
Алайда сот ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Депутат сот шешіміне шағым түсірмек болған, бірақ апелляциялық сот оны қолдамады.
Айта кетейік, кінәлі дәрігер Баянауыл аудандық мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясының мүшесі.
Баянауыл аудандық мәслихатында алдағы сессияда депутаттың мәселесі қарастырылып, оған қатысты шешім шығарылатыны атап өтілді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024