Алматы. 2 желтоқсан. 7kun.kz – Кеше қызметінен босатылған Павлодар облысының экс-әкімі Әбілқайыр Сқақов әлеуметтік желідегі парақшасында Екібастұз тұрғындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Құрметті жерлестер! Мен үшін сіздерге қызмет ету аса зор құрмет болды. Мәселелерді шешуді басты басымдық ете отырып, мен әрқашан да барлығын шынайы және адал орындадым. Жылдар бойы жиналған мәселелердің біраз бөлігі шешілді, қалғанын шешуге уақыт көбірек қажет болды. Екібастұздағы төтенше жағдай дәл сол – ұзақ уақыт бойы жиналып келген және тез шешілмейтін проблема. Дегенмен, қадірлі Екібастұз тұрғындары, мен қалыптасқан жағдай үшін өз жауапкершілігімнің де бар екенін білемін және сіздерден шын жүректен кешірім сұраймын! Осы күндері менің барлық ойым мен уайымым сіздер туралы болды және солай болады. Сіздерге қайраттылық, ал мамандар мен әріптестеріме мәселенің жедел шешілуін тілеймін», – деді ол.
Айта кетейік, 1 желтоқсанда президент Жарлығымен Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды. Оның орнына Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Еске салайық, 27 қарашаға қараған түні 30 градустық аязда Павлодар облысындағы Екібастұз қаласы жылусыз және ыстық сусыз қалды. Қалада төтенше жағдай жарияланды. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жылу орталығында алты қазандық жұмыс істеп тұр, тағы төрт қазандық резервте тұр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024