Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Павлодарда бензин мен дизель отынын заңсыз сатқандар сотталды

Павлодарда бензин мен дизель отынын заңсыз сатқандар сотталды

Павлодар облысы. 9 тамыз. 7kun.kz – Павлодар облысында бензин мен дизельді заңсыз сату, сатып алу, сақтау фактілері анықталып, үш адам сотталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, тергеу кезінде 15 көтерме жеткізушіден 610 миллион теңгеден астам сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркалы бензин сатып алу фактісі анықталды.

Кейін оны «Унгефуг» ЖШС арқылы заңдылығын растайтын құжатсыз белгісіз тұлғаларға сатып жіберген. Аталған фирма құжатсыз 550 миллион теңгенің 2,4 мың тонна дизель отынын да сатқан. Сот шешімімен үш адам бас бостандығынан айырылды.

«Сот Шұғатаев Жанайдар Серікұлын қаражатын тәркілеумен 6 жылға, Унгефуг Сергей Геннадьевичті 4 жыл 6 айға, Шәмиев Ержан Хайроллаұлын 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығардыҮш көлік пен 3 жартылай жүк тіркемесі тәркіленді», – делінген хабарламада.

Похожие материалы