АҚШ күн сайын "Ислам мемлекетімен" күреске 9 млн доллар жұмсайды деп хабарлайды ВВС орыс қызметі АҚШ қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Барлығы 2014 жылдың тамызынан бері Ирак пен Сириядағы исламшылармен күрес үшін 2,7 млрд доллар жұмсалған. Өткен жылдан бері АҚШ одақтастарымен бірге жауынгерлердің позициясына әуешабуылдарын жасап келеді. Дегенмен де, қазіргі уақытта исламшылдар Сирия мен Ирактағы үлкен аумақты басып алған.
Осыған дейін 10 маусымда АҚШ президенті Барак Обама ирактық Анбар провинциясына ИМ-мен күресіп жатқан жергілікті қауіпсіздік күштерін үйрету үшін 450 әскериді жіберуге рұқсат берген еді.
Ал АҚШ-тың жаяу әскері штабының басшысы, генерал Рэй Одиерно CBS News арнасына берген сұхбатында "Ислам мемлекеті" террористік тобын жою үшін халықаралық коалицияға ондаған жылдар қажет деп мәлімдеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024