Pepsi компаниясы 20 қазанда өз смартфонын таныстырады. Бұл туралы қытайлық Tech Sina порталына сілтеме жасап Techradar хабарлайды.
Tech Sina басылымының хабарлауынша, Pepsi P1 деп аталатын сматрфонның құны 205 доллар тұрмақ. Құрылғыға MediaTek MT6592 8 ядролы чип орнатылады. Экран диоганалы - 5,5 дюйм. Смартфонға екі жақты камерамен орнатылған.
Смартфондағы қолданушылардың мәліметін сақтайтын жадтың көлемі - 16 гигабайт болады деп күтілуде. MicroSD-картасын ортантуға болатыны туралы ақпарат берілген жоқ. Гаджет Android 5.1 Lollipop операциялық жүйесі негізінде жұмыс істейді.
Pepsi брендімен шығатын смартфондар туралы ақпарат 9 қазан күні тараған. Ақпараттар қытайлық Weibo әлеуметтік желісі арқылы Pepsi Phone деген атпен жарияланған. Өндірушілер смартфонды «IT-өнім» категориясы деп анықтады.