Астана. 13 сәуір. 7kun.kz - Азат Перуашев депутаттардың пленарлық отырысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жатақхана салуды ұсынды. Жатақханада дәретхана мен ас үй ортақ болады, сол арқылы бөлмелер ауданы үнемделеді.
Азат Перуашев премьер-министрге осындай ұсыныс жасады. Перуашевтің есептеуінше, жеке әжетхана мен ас үйден бас тарту арқылы тұрғын үй құрылысында үйдің бағасын 40 пайызға төмендетуге болады.
«Мұндай жатақханалардың ұйымдастырылған құрылысы қазақстандықтарды үймен қамтамасыз етуді арттырады. Егер «Нұрлы жер» бағдарламасымен 2021 жылға дейін 35 мың пәтер салу жоспарланса, дәл сол ауданға жатақхана салу арқылы, 49 мың отбасыны үймен қамтуға болар еді», - деп атап өтті Азат Перуашев.
Сонымен қатар, ол үкіметке ауыл жастарына арналған жатақханалар кешенін салуды да ұсынды. Себебі, баспанасыз жүргендердің көбі қалаға келген ауыл жастары.
«Кез келген базар мен құрылыс маңында санитарлық емес талаптарда өмір сүретін – ауылдан келген жастар. Олар 10-15 адам болып пәтер жалдайды. Немесе жатақханалардан бөлме жалдайды», - деді мәжіліс депутаты.
Азат Перуашев ресми көрсеткіш бойынша, үш айда уақытша тіркеуден өткен 690 мың мигрант барын да айта кетті. Оның айтуынша, ауылдан қалаға көшіп келгендер саны 2,5-5 млн адамға жуық.
«Ішкі миграттандың тұрғын үй мәселесін шешу үшін қосымша құрал қажет. Мұндай құралды жеке тұлғалар бұрыннан пайдаланып келеді. Олар 15-20 шаршы метрдік бөлемелері бар және санитарлық бөлімдері ортақ шағын жатақханалар салады. Тек Астананың өзінде жеке тұрғын-үй ретінде салынған ондаған жатақхана бар», - деп сөзін аяқтады ол.
Еске салсақ, бұған дейін 2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша, 100 мың пәтер жалға берілетіндігін хабарлағанбыз. 2017 жылдан бастап 2031 жылға дейін барлығы 1,5 млн отбасыға арналған тұрғын үй салынады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024