Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Қаржы қадағалау агенттігін Ұлттық банктің құрамынан қайтадан шығару керек. Бұл туралы ҚР парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев айтты.
«2007 жылға дейін Ұлттық банк пен қаржы қадағалау агенттігі бөлек жұмыс істеді, кейін оны Ұлттық банктің құрылымына қосып жіберді. Біз бұл құрылым өз жұмысын атқара алмай жатқанын көріп отырмыз», – деді ол.
Оның сөзінше, орта және шағын банктердің бәрі түрлі себеппен құлдырап барады. Қазіргі таңда банк жүйесі жансыз күйде болып отыр.
«2007 жылға дейін банктер сыртқы нарықтан қаржы алатын және ол қаражат экономиканы қаржыландыру мен бизнесті несиелеу жұмыстарына жұмсалатын. Бүгінде олар мемлекеттің ақшасын алады. Бұл ақшаны экономикаға салмайды да. Ол қаражатқа мемлекеттік бағалы қағаздарды алады. Бағалы қағаздан түсетін пайызға күн көреді. Яғни мемлекеттен алған қаржының өзі экономикаға түспейді, бизнеске жұмсалмайды, қосымша қаржы әкелмейді», – деді Перуашев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024