Петропавл қаласының супермаркеттерінде бұрын санитарлық дәрігерлердің сөрелерден алғызып тастаған азық-түліктері әлі де сатылып жатыр. Бұл жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаменті хабарлады.
Департаменттің келтірген мәліметтері бойынша, мамандар Петропавл қаласының сауда желілеріндегі азық-түліктерді тексерістен екінші мәрте өткізген. "Біздің екінші рет тексеріп жүргізген себебіміз - сауда орындары өткен мониторингтің нәтижелерін ескермеген. Тыйым салынған тауарларды әлі де сатып жатыр", — дейді департаментте. Солтүстік Қазақстан облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаменті тарапынан наурыз-сәуір айларында төрт рет азық-түлік сатып алынып, 85 сынама жасалды. Оның 18-і талаптарға сай келмеді. Ол барлық тексерілген сынамалардың 24 пайызын құрайды. "Аталған кәсіпорындардың басшыларына талапқа сәйкес емес өнімдерді айналымнан алып тастау туралы бұйрық берілді. Сатылымнан 499 кг азық-түлік (құс ету - 175,188, майлы өнімдер - 265 кг, сүт өнімдері - 59 л) алынып тасталды. Бірақ, санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижесінде, Петропавл қаласының сауда орталықтарында ол өнімдердің еш шектеусіз сатылып жатқандығы анықталды", — дейді департаментегілер. Олар: "Семейный" супермаркеті, "Көктөбе" сауда үйі, "Сокол" сауда үйі, "Пирамида" сауда үйі және "Велта" ЖШС және т.бТэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024