Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің қатысуымен "Қазақстанда жасалған" форумы болып өтті. Бұл шараға аймақтың 500-ге жуық бизнес-кәсіпкерлері қатысты. Кездесу облыс әкімі Ерік Сұлтановтың басшылығымен болып өтті.
Мәжіліс қатысушылары кәсіпкерлікті дамыту мәселелері, шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекет тарапынан қолдау туралы мәселелерді қозғады.
«Отандық өнімдерді қолдау үшін мемлекет басшысы тарапынан үлкен мақсаттар қойылып отыр. "Қазақстанда жасалған" акциясы аясында сауда желілерінде отандық өнім өндірушілердің аймақтық бөлімшелері ашылуда. Елбасының бастамасын облыс тұрғындары қуана қабыл алды. Расымен де, біздің өнімдеріміз шетелдік баламалардан артық болмаса, кем емес», - деді Е. Сұлтанов.
Сонымен бірге бизнес-қауымдастық өкілдері республикалық жоба жұмыстарын да талқыға салды. Бүгінде "Қазақстанда жасалған" акциясына солтүстік өңірдің сауда нүктелерінің 97 пайызы қосылды. Қазақстандық өнімдерге деген сұраныс 30 пайызға өсті. Аталған көрсеткіштерді одан әрі өсіру қажет екендігін атап өтті аймақ басшысы Ерік Сұлтанов.
Мәжіліс соңында аймақтық кәсіпорындармен байланыс ортанып, қызметтес болу үшін 10 меморандумға қол қойылды. Жасалған меморандумдардың жалпы құны 500 млн теңге көлемінде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024