Алматы. 5 қыркүйек. 7kun.kz – Петропавлда есірткіні аса ірі көлемде сатуға қатысы бар күдікті ұсталды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» хабарлайды.
«Петропавл шетіндегі саяжай ауылында есірткі сатушыларды ұстау операциясы жүргізілді. 10 кг марихуана мен 2 кг гашиш сату кезінде жедел уәкілдер бұрын сотты болған 1976 және 1985 жылы туылған облыс орталығының екі тұрғынын ұстады»,-делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция жазғы коттедждердің бірінде және жалдамалы пәтерде тінту жүргізу кезінде қосымша 4 кг марихуана мен 1 кг гашиш тәркіленгенін айтты.
СҚО ІІД есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаевтың айтуынша, бұл қамауға алу ағымдағы жылғы ең ірі болып саналады. Жыл басынан бері аймақта есірткі заттарының заңсыз айналымы саласында ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 18 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 200 кг жуық есірткі тәркіленді, оның ішінде 112 г героин және 734 г синтетикалық есірткі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024