Петропавл. 28 қазан. 7kun.kz – 26 жастағы ер адам газ құбырларына орнатылған гайкаларды ұрлап, металл қабылдау орнына тапсырған. Сол үшін ол екі жарым жылға сотталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Тамызда газдың иісі қатты шыға бастағанын байқаған тұрғындар, тиісті мекемеге шағымданған. «Горгаз-сервис» ЖШС мамандары газ құбырларына орнатылған гайкалардың жоғалғанын анықтаған. Әрібіреуінің бағасы 11 мың теңгеден басталады.
«Ұрлық қаланың Береке мен Жас Өркен шағын аудандарында жасалған. Фирма өкілдері полицияға арыз түсірді. Ал жедел іздестіру шаралары барысында қала маңында тұратын 26 жастағы ер адам анықталды. Ол бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған», – деп хабарлады полицияда
Іздестіру барысында ұрланған гайкалардың бір бөлігі металл қабылдау орнынан табылды. Күдіктінің өзі оларды газ құбырларынан өзі қолмен шешіп алғанын мойындады.
Ер адамның 30 гайканы ұрлағыны анықталды. Газ жеткізуге жауапты қызметкерлердің айтуынша, 896 мың теңгеге шығын келген.
Жас жігіт 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024