Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Петропавлда кәсіпкерді атқан қылмыскерлер ұсталды

Петропавлда кәсіпкерді атқан қылмыскерлер ұсталды

Алматы. 2 қыркүйек. 7kun.kz – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының 22 жасар тұрғыны және Петропавлдың 29 жасар тұрғыны кәсіпкерге оқ атты деген күдікпен ұсталды.

Оқиға 26 тамыз күні таңғы сағат 4-те Жұмабаев көшесі, 98 үйдің ауласында болған. Күдіктілер жәбірленушіні - 35 жастағы кәсіпкерді үйінің алдында күдіп, кейіннен атыс қаруын қолданған. Сыртқы бақылау камераларының деректеріне сәйкес, қылмыскерлер саны екеу болған.

Кейін жедел басқару орталығына үйдің тұрғындары аулада оқ атылғанын хабарлаған. Жәбірленуші облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілген.

Аталған факт ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бап санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық құқық бұзушылық құрамы ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі 7-тармағы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (бұзақылық ниетпен)" деп қайта сараланған. Бапта көзделген әрекет бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

"Қазіргі уақытта аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 1997 жылы туылған тұрғыны және облыс орталығының 1990 жылы туылған тұрғыны анықталды. Күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Похожие материалы