Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Пилоттық жоба аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G қосылады

Пилоттық жоба аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G қосылады

Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда «бесінші буын» байланыс желісін енгізу мәселелері туралы кеңес өткізді.

Кеңес барысында цифрлық экономика мен заттар интернетін дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге жаңа технологияны енгізудің ықпалы талқыланды (IoT).

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметтерінше, Қазақстан АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария, Эстония елдерімен қатар жаңа желіні енгізуді пилоттауға көшкен әлем елдерінің ондығына кіреді.

Ел аумағын 5G қамту үшін инфрақұрылым жасау бойынша жұмыстар аясында осы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған. Жалпы, 5G байланыс желісімен адамдар саны 50 мыңнан асатын барлық елді мекендер қамтылады деп күтілуде.

Талқылау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда 5G енгізу бойынша Шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Кеңеске ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеев және т.б. қатысты.

Похожие материалы