Парижде орын алған терактіні ұйымдастырған террористер байланыс құралы ретінде Sony PlayStation 4 ойын приставкасын қолданған болуы мүмкін. Бұл туралы шетелдік БАҚ өкілдері хабарлайды.
Брюсселдегі тінту жұмыстарының нәтижесінде PlayStation 4-ті қолданушы ұсталды. Белгияның ішкі істер министрі Ян Ямбонның айтуынша PlayStation приставкасы лаңкестердің арасында байланыс құралы ретінде танымал болуда. Электронды пошта сияқты байланыс арналарының барлығы бұрыннан арнайы қызметтің бақылауында болған. Сондықтан PS 4-ті пайдалану ықтималдылығы бар. Дәл қалай байланыстың жүргені әзірге белгісіз. Бүгінгі таңда бұл ойын нұсқасы көп елдерде тарап үлгерген. Сондықтан көптеген қолданушылар арасынан хабарламаларды тексеру қиынға соғатын болады. Оның үстіне террористер PlayStation Network-қа (PSN) салынған топтық қоңырау не топтық чат жүйесін пайдалануы мүмкін. Бұл нақты ойынға байланысты болмағаннан кейін, бұл функцияларды тексеру оңай болатын болады. Ян Ямбон мырза Sony Play Station 4-ті бақылау WhatsApp-ті бақылағаннан қиын екенін атап өтті. Фото: vestifinance.ru сайтынан алынды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024