ПМХЗ-ны жаңғырту мерзімі сақталмаса ҚМГ топ-менеджменті жұмыстан босатылады
Астана. 2 қараша. 7kun.kz - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг бойынша атқарушы вице-президентінің міндетін атқарушы Данияр Тиесовтің және «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Данбайдың қатысуымен Павлодар мұнай-химия зауытын (ПМХЗ) жаңғырту барысы мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«ПМХЗ» ЖШС жаңғыртуды аяқтау және жоғары октанды бензин мен дизель отынын шығару үшін қажетті қондырғыларды іске қосу мерзімдері бойынша артта қалушылық белгілі болды.
Жаңғыртуды аяқтау мерзімі «ПМХЗ» ЖШС үшін 26 қазан, ал Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін 16 қыркүйек деп белгіленген болатын. Алайда ҚазМұнайГаз мерзімдерді 2017 жылдың желтоқсанының бірінші жартысына ауыстырды.
Д. Тиесов пен Ш. Данбайдың ақпаратын тыңдап, министр жақын арада жоғары октанды бензинмен және дизель отынымен ішкі нарықты қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
Атап айтқанда, жекелеген қондырғыларда ақаулардың туындауы туралы ұсынылған деректердің негізінде Қ. Бозымбаев мұнай өнімдерін өндіру қондырғыларын орнату мерзімдері орындалмауы мүмкін екендігін ескертті.
Кеңес қорытындылары бойынша Министр 8 қарашаға дейінгі мерзімде жоғары октанды бензинді шығару қондырғыларын және қысқа мерзімде дизель отынын шығару қондырғыларын іске қосу қажет екендігін атап өтті.
Бұл ретте, «ПМХЗ» ЖШС жаңғыртуды аяқтаудың белгіленген мерзімдері сақталмаған жағдайда, Министр топ-менеджерлерді атқаратын қызметтерінен босату туралы ұсыныс енгізетін болады.
Павлодар және Атырау МӨЗ-деріне Министр объектілерді жаңғыртуды созу тәуекелдерін анықтау үшін Министрліктің комиссиясын жіберуді тапсырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024