Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Польшалық желаяқ Алматы марафонында Гиннесстің рекордтар кітабын жаңартпақшы

Польшалық желаяқ Алматы марафонында Гиннесстің рекордтар кітабын жаңартпақшы

Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz – «Алматы марафонына» қатысатын Польшадан келген әуесқой спортшы, саяхатшы Войцех Мачник «бір жыл ішінде түрлі елдерде өткен марафондардың ең көп саны» өтінімімен Гиннесстің әлемдік рекордын жаңартуды жоспарлауда.

Войцех 2018 жылдың тамыз айынан бастап 35 марафонға қатысқан. Ол Six Star медалінің иегері, World Marathon Majors әлемдік сериясының алты басты марафонын толық жүгіріп өтті.

Мачник Войцех өзінің 249Challenge аясында әлемнің 249 жерінде өтететін марафонда жүгіруді жоспарлап отыр. Саяхатшының пікірінше, бүгінгі таңда БҰҰ-ға мүше 193 ел, сондай-ақ біріккен аумақтар, автономды республикалар, мойындалған және ішінара мойындалған тәуелсіз мемлекеттер бар. Қазақстан челленджде 46-шы ел болады.

«Алматы марафонынан» кейін саяхатшы Швейцарияға, Бельгияға, Македонияға және басқа да елдерге стартқа аттанады.

Похожие материалы