Кеңес үкіметінің тарағанына 25 жыл болды. Аталған мерзім ішінде 15 посткеңестік елдің экономикасы қалай өзгерді?
Эстония – 15 посткеңестік елдің ішіндегі ең бай ел. Оның экономикасындағы ең табысты бағыттар – электронды және телекоммуникциялық өндіріс. Эстония бай еуропалық елдермен – Финляндия, Швеция мен Германиямен тығыз сауда байланысын орнатқан. Ел КСРО құрамынан шыққан соң экономикасында бірден нарықтық реформалар жүргізді. 2004 жылы Еуроодақтың құрамына, 2010 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кірді.
2008 жылы болған дағдарыс Эстония экономикасына қатты әсер етті: жұмыссыздық көрсеткіші 12 пайызға өсіп кетті, кейіннен 2009 жылдың 15,6 пайызға өсті. Алайда 1990 жылдары жүргізілген институционалды реформаның арқасында ел жаңа жағдайға тез үйренді де, соңғы 5 жылда орта есеппен 3,8 пайызға өсіп келеді.
Бұрын Кеңес одағы құрамында болған елдердің ішінде ең кедейі – Тәжікстан. 1997 жылға дейін болған азаматтық соғыс кезінде 50 мың адам қаза болды, халықтың оннан бірі елден көшіп кетті. 2000 жылдардан бастап мемлекет экономикасы біршама алға жылжи бастады: кедейлік деңгейі 2000 жылғы 83 пайыздан 2015 жылы 31 пайызға түсті. 2016 жылдың бірінші жартысында экономикалық өсім 6,6 пайызды құрады. Дүниежүзілік банктің болжамынша, экономикасы алдағы жылдары тұрақты болады. Дегенмен, үкімет алда салық саясаты мен жекеменшікке қатысты біраз реформа жасау керек. Шетелдік инвестицияның келуіне кедергі боп отырған факторлар ретінде сенімді инфрақұрылымның нашарлығы мен энергиямен қуаттану қиындығы тұр.
Ал Түркіменстан экономикасын мұнай мен газ экспорттау арқылы нығайтып алды. Ел жабық саясат ұстанғандықтан шикізат бағасы түсіп кеткенде ел экономикасы көп шығынға ұшыраған жоқ. 2016 жылдың І жартысында мемлекет ЖІӨ-сінің өсуі 6,1 пайызды құрады. Тез дамып келе жатқан салалары – қызмет көрсету (12,3 пайыз), ауыл шаруашылығы (6,9 пайыз) және құрылыс саласы (4,4 пайыз).
КСРО-да болған Кавказ елдері ішінде экономикасы ең артта қалған Армения еді. Соңғы бірнеше жылда ел экономикасы өсе бастады: ЕЫДҰ-ға қосылу экспорт көлемін арттыра түсті. 2016 жылдың соңғы алты айында елдің ЖІӨ-сі 3 пайызға өсті. Көрші Ираннан санкцияны алу Арменияның транзиттік және сауда саласындағы дамуына оң әсер етуі мүмкін.
Біраз құбылмалы әрі қиындау болған Қазақстанның сыртқы жағдайы ел экономикасына теріс әсер етті. Дүниежүзілік даму банкінің айтуынша, 2016 жылдың алғашқы алты айында ел экономикасы 0,1 пайыз ғана өскен. Жыл соңында экономика 0,9 пайыз алға жылжығаны белгілі болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024