Алматы. 24 шілде. 7kun.kz – Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кеңес барысында Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің жобалық басқару бағыттары тұрғысынан іс-шараларды орындау және индикаторларға қол жеткізу бойынша 2018 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жоспарлары және бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстардың алдын-ала қорытындылары талқыланды.
Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов өңірлердің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырып, көлік және логистиканы, АӨК, білім беру, денсаулық сақтау салаларын, туризмді, сауданы, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ, базалық индустрияландыруды жүргізу, инвестициялар тарту және өнімді жұмыспен қамту мәселелері жөнінде баяндады.
Әкімдер өздерінің сөздерінде экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шараларға баса назар аударды.
Похожие материалы
Отбасы банк увеличил максимальную сумму по своей самой популярной ипотеке
- 02 желтоқсан, 2025
Кредиты бизнесу могут измениться в Казахстане: банки получат новые льготы
- 01 желтоқсан, 2025





