
Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесті деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының мақсаты тәуелсіздік жылдарында заманауи Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан адамдардың нақты мысалында қоғамда табыстылық идеяларын, меритократия, бәсекелестік принциптерін, білім және прагматизм культын насихаттау және дамыту.
Жобаның екінші маусымына қатысуға ниет білдірген азаматтардан 2388 өтініш келіп түскен. Жобаның екінші кезеңіне жалпы өтініш білдіргендерден 200 үміткер іріктеліп алынған. Соңғы кезеңде 100esim.el.kz сайтында онлайн дауыс беру арқылы жобаның 29 жеңімпазы анықталған.
2017 жылы «100 жаңа есім» жобасының алғашқы маусымында 2 мыңнан астам өтінім қалданып, оның ішінен 102 азамат жоба жеңімпазы аталған еді.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025