Астана. 13 наурыз. 7kun.kz – ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) қызметіне түзетулер енгізді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Мемлекет басшысы «ҚР жоғары сот кеңесі және АХҚО қызметтеріне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Еске салсақ, 2015 жылдың желтоқсан айында Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы заңды бекіткен. Онда орталық территориясы аумағындағы ерекше құқықтық тәртіп жазылған. Сонымен қатар, АХҚО ұйымдары мен қатысушыларына шетелден жұмыс күшін тартудың да тәртіптері бар. Заңда орталық қатысушылары мен қызметкерлеріне 50 жылдық салықтық жеңілдіктер жасайтын нормалар да қарастырылған.
«Астана» Халықаралық қаржы орталығына ҚР экономикасына инвестициялар тарту мақсатында қаржы қызметтері мен құнды қағаздар нарығының дамуы үшін қолайлы орта қалыптастыру міндеттелді. Одан бөлек, орталық елімізде сақтандыру мен банктік қызметтерді және исламдық қаржыландыру нарығын дамытуды көздеп отыр.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024