Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жыл сайынғы дәстүр бойынша «Атамекен» этно-мемориалды кешен алаңында Мемлекеттік ту көтеру салтанатты шарасына қатысты.
Осы арқылы Астананың 17 жылдығын мерекелеу ресми түрде басталады. "Бас қала төрінде желбіреген Бас Байрақ елдігіміздің ең негізгі нышандарының бірі болып саналады. Арнайы ту көтеру дәстүрі айрықша мәні бар оқиға, айшықтай түсетін маңызды рәсіміміз болып саналады", - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы. Салтанатты шара аясында ҚР Президенті, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жоғары әскери оқу орындарының түлектеріне офицерлік погон табыстады. "Биыл біз Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдық мерекесін атап өтейік деп отырмыз. Байрақты батырларымыз және ержүрек бабаларымыз елдігіміздің негізін қалаған, сондықтан жас сарбаздарға осы күні офицерлік шен тапсырудың символдық мәні өте зор", - деді Президент. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтап, әрбір шаңыраққа бақ-береке тіледі.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024