Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент халықаралық технопаркты іске қосты

Президент халықаралық технопаркты іске қосты
Астана. 6 қараша. 7kun.kz - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Astana Hub IT-жобалары халықаралық технопаркін ашты.Президенттің айтуынша технопарк инновациялық экожүйенің өзегі болады. Технопарктің қатысушылары жеңілдетілген визалық және еңбек тәртібін пайдалана алады, оларға салықтық және басқа да жеңілдіктер беріледі. Astana Hub базасында менторлық институт құрылды, оның аясында сарапшылар стартап-командаларды бірге алып жүреді. «Бүгін мен мұнда ұсынылған стартап-компаниялардың R&D-зертханасының жұмысымен таныстым. Мұның бәрі өте әсерлі және қуантады. Егер ЭКСПО болмаса, бұл ғимарат болмас еді, ал қазір біздің жастарымыз үшін, стартаптарды дамыту үшін арнайы үлкен корпус салынған. Бұл ғимаратты елімізде ЭКСПО-2017 табысты өткеннен кейін пайдаланып отырмыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президент өз сөзінде IT-таланттардың жаңа генерациясын құру керектігін атап өтті. Негізгі міндет - ақылды, талантты және қабілетті қазақстандықтарға көмек көрсету. Елімізде жеке бастамаларға жан-жақты қолдау бар. Бағдарламалау мектептері құрылды, робототехника және киберспорт бойынша спартакиадалар, олимпиадалар өткізіледі.

Похожие материалы